Біртанов: Коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатыр

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирустың жаппай таралуына байланысты 38 адамның барынша оқшауланған жағдайда ауруханада жатқанын хабарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Алматы, NEGE. «54 адам вирусты инфекциямен медициналық мекемелерге түсіп, коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен жатқызылған. Олардың 16-сының диагнозы анықталмады. Жағдайлары жақсарып, ауруханадан шықты. Бүгінгі күні 38 адам стационарда, инфекциялық ауруханаларда ерекше жағдайда бақылауда жатыр. Диагностика жалғасып жатыр. Алматыдағы аса қауіпті инфекцияларды зерттейтін Ұлттық ғылыми орталық ДСҰ методикасы бойынша биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирустың генетикалық диагнозын анықтап жатырЗерттеу жалғасуда. Соның нәтижесімен емді өзгертеміз» деді Біртанов.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»