Біртанов: Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеп келеді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдағы жалпы санитарлық жағдай жақсарып келе жатқанын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Қытайдағы 16 мыңнан астам науқас емделіп, ауруханалардан шықты. Бірақ өкініштісі 2 121 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Жалпы Қытай Халық Республикасы бойнынша күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Күн сайын жаңа аурудың қарқыны азайып келе жатыр. Күн сайын тіркелген науқастар жөнінде есеп жүргізіп отырмыз. Жалпы Қытайдағы жалпы санитарлық жағдай жақсарды деп айтуға болады. Сырқат жұқтырғандар саны төмендеп келеді», – деді Елжан Біртанов. 

 Министрдің айтуына қарағанда әлемнің 29 елінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар тіркелген. «Кеше түнде Иранда екі науқас тіркелді. Шетелде тіркелгендердің ішінде бес науқас қайтыс болды. Біз басқа мемлекеттердегі коронавирус инфекциясының тіркелуін зерделеп отырмыз. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы штабы мен ведомствоаралық комисиясының бақылауда», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді