Біртанов: Елімізде 589 дәрігер коронавирус жұқтырған
Тенгриньюс сайтына тікелей эфирде сұхбат берген Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов осылай деді.
Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, елімізде 589 дәрігердің дертті жұқтырып алғанн. "Біріншіден, олар науқастармен тікелей қарым-қатынаста, екінші себеп, санитарлық ережені сақтамаған. Бұл жұқпалы аурудың бәрінде болатын жағдай. Дәрігерлер ауырды, бірақ оның төңірегінде ажиотаж жасаудың қажеті жоқ. Оны тексеретін органдар бар. Қазір эпидемияны жеңудің жолын ойлау керек" деді ол өз пікірінде.