Біртанов: 18 адам коронавирус жұқтырған деген күдікпен ауруханада жатыр

Коронавирус шыққан елдерден келген 18 адам Қазақстанның стационарларында жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Алматы. NEGE. Министрдің сөзіне қарағанда, 1 ақпаннан бастап өткізу бекеттерінде 780 339 адам қаралған. 30298 адам мониторингқа алынса, оның 24 432 адамы қайта шығарылыпты. Қазір 5 866 адам мониторингте қалып отыр. 803 адам карантинге орналастырылған. Оның 524-і шығарылды. Карантинде қазір 279 адам қалып отыр. 183 адам көрсеткіштері бойынша ауруханаларға жатқызылса, қазірге дейін 165 адам шығарылып, 18 адам әлі қаралып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды