Бірнеше өңірде автогаз бағасы қымбаттайды

Бұйрық жобасы 17 сәуірге дейін талқыланады.

Алматы, NEGE. Сұйытылған газдың шекті бағасы төмендегідей артуы мүмкін:

– Алматыда литріне 65-тен 75 теңгеге дейін;

– Алматы облысында 70-тен 75 теңгеге (шалғай аудандарда 75-тен 80 теңгеге) дейін;

– Шығыс Қазақстанда 60 теңгеден 70 теңгеге (шалғай аудандарда 65-тен 75 теңгеге) дейін;

– СҚО-да литріне 70 теңгеден 75 теңгеге (75-тен 80 теңгеге) дейін;

– Абай облысында 60 теңгеден 65 теңгеге (65-тен 70 теңгеге) дейін.