Бірнеше облыста күн суытады

Елдің бірқатар өңірінде қырбық қар түсіп, күн суытты.

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысында қар борап, көктайғақ болады. Ақмола, Қостанай өңірлерінде де күн бұзылады. Жамбыл облысында жауын-шашын үдей түспек. Нур-Сұлтанда таңсәріде қар жауып, қаланы қырау басты. Мұнда күндіз 4 градус жылы болады. Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы қараша айында күн бірте-бірте суыта бермек. Оңтүстік өңірлер де күздің қара суығын сезінетін болады.