Бірнеше ауданда коменданттық сағат жарияланды

Грекияның Аттика облысы мен тағы бірнеше ауданда 15 ақпанға дейін коменданттық сағат жарияланды.

Алматы, NEGE.  Биліктің бұл шешіміне аймақтағы күрделі эпидемиологиялық ахуал себеп болған. Жаңа шектеулер демалыс күндеріне ғана қатысты.

Бүгінде 11 миллион халқы бар елде әзірге 80 жастан асқан қарт тұрғындар мен медицина қызметкерлеріне ғана вакцина салынып жатыр.

Айта кетейік, Грекияда соңғы бір тәуліктің ішінде 1 113 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде, 29 науқас қайтыс болды. Жалпы пандемия басталғалы елде 163 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Олардың 6 мыңға жуығы қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр