Бірқатар жол бөліктері жабылды

Күннің бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының бірқатар бөлігінде автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің

Telegram арнасы.  

Алматы, NEGE. 1 наурыз, сағат 04.50-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман шоқысы» автожолының 7-166 шақырымында, Ушановское ауылы - Алтай қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Сағат 5.00-ден бастап боран тұрып, жол көрінісі қиындағандықтан «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы аумағы мен «Өскемен-Риддер- РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Сағат 07.20-дан бастап «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы мен «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті