Бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Ақмола, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелді. Сондай-ақ Нұр-Сұлтаннан Щучинск және Теміртау қаласына жету мүмкін болмай тұр. Жезқазған - Петропавл, Ақтөбе - Аралтоғай және Ұлытау - Державинск тас жолдарында да жүруге тыйым салынды.