«Бірқатар өңірлердің әкімі ауысуы мүмкін»
Кешелі бері телеграм-каналдар бірқатар өңірлердің әкімдері ауысуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр. Мұның рас-өтірігі бүгін белгілі болады.
Алматы, NEGE. YEDILOV ONLINE телеграм-каналының жазуынша, бүгін сағат 11-де Жамбыл облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі мәселе – облыс әкімін ауыстыру. Каналдың дереккөзінің хабарлауынша, Бердібек Сапарбаевтың орнына Жамбыл облысының әкімі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалуы мүмкін.
Сондай-ақ басқа да дереккөздер Атырау облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалуы мүмкін екенін хабарлады.