Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 шілдеде Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысының кей жерлерінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, оңтүстікте өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл. бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус сақталады.

Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай, дауыл күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында найзағай, дауыл күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 24-25 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 25 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай облысының кей жерлеріндеқатты жаңбыр күтіледі.Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Ақмола облысында күндізкей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Елордада 24 шілдеде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді