Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Елімізде бүгін ауа райы құбылмалы болады.

 Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қаласында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. 6 маусымда Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с сақталады. 6 маусымда күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында таңертең және күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с күтіледі. Атырау облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қаласында кей уақыта найзағай күтіледі Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.  Түркістан қаласында шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шымкент қ: 6 маусымда шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Талдықорғанда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты