Бірқатар облыста ескерту жарияланды

15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы, NEGE. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ. 15 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі. 15 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 15 ақпанда тұман күтіледі. 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Т

үнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда 15 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі. 15 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 15 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз 15 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 15 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 15 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 15 ақпанда түнде тұман күтіледі. 15-17 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Таразда 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды