Бірқатар көлдерге баруға тыйым салынды

«Көбейтұз», «Теңіз», «Құрбет», «Қоржынкөл» және Ерейментау ауданының аумағында орналасқан барлық көлдерге баруға тыйым салынды.

Бұл туралы 13 шілдедегі Ермейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов өткізген жедел штаб отырысының хаттамасында көрсетілген.
Алматы, NEGE. Аталмыш шешім Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 4 шілдедегі «Ақмола облысы аумағында коронавиурсты инфекция (COVID-19) ауруының таралуының алдын алу бойынша қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысын орындау мақсатында және Ерейментау ауданы аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қабылданған.
Хабарда нақтыланғандай, Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді мониторингтік топ демалыс кұндері халық көп жиналып жүрген «Көбейтұз» және «Теңіз» көлдерінде рейд жүргізіп, ауданда коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

Депутаттар портреті. Асхат Аймағамбетов. Реформатор