Бірқатар елде вакцинаның екі дозасын алғандарға бетпердесіз жүруге рұқсат етілді
Вакциналау нәтижесін бере бастады. Әлемнің кей елдері жұртқа бетпердесіз жүруге рұқсат етті.
Алматы, NEGE. Әліптің артын бағып, сақтық шараларына барынша мән беріп отырғандары да аз емес. Вакцина салдырған адамдарға бетпердесіз жүруге алғаш рұқсат еткен елдің бірі – АҚШ. Мұнда бір ай бұрын вакцинаның екі дозасын алған азаматтарға далада бетпердесіз жүруге рұқсат берілген. Ал өткен аптада жабық ғимараттарда да бетперде кимеуге болатыны хабарланды. Бірақ мектептер мен қарттар үйінде тәртіп сақтала бермек. Тұрғындардың жаңа өзгеріске көзқарасы әртүрлі.
Бірі бұл шешім алаңдатады дейді. Себебі бетперде кимей жүрген адамдардың бәрі екпе алды деп сенуге болмас. Сондықтан мейрамхана мен дүендерде адамдардың бетперде кигені дұрыс деп санайтындар бар.
Польша мамырдың 15-інен бастап көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат етті. Бірақ бұл вакциналауға қатысты қабылданған шешім емес. Мұнда вирустың таралуы бәсеңдеген. Чехияда шектеулер жеңілдетілгенмен, билік бетперде кию тәртібі әлі алына қоймайтынын ескертті. Үкімет талапты жабық ғимараттарда ғана емес, далада да сақтау керектігін айтады. Дегенмен, тұрғындар халықты жаппай вакциналау нәтижесін беріп, бетпердесіз өмірге қайта оралатынына үмітті.
Ал коронавирус өршіген елдерде бетперде кию міндет. Мысалы, коронавирустың үшінші толқынын бастан кешіп жатқан Таиландта бетпердесіз жүргендерге айыппұл мөлшері көбейтілді. Тіпті көлікте жүргізушіден өзге жолаушы болса бетперде тағуға тиіс.