Бірқатар аймақта ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. 9-10 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тараз қаласында күндіз 9, түнде 10 қазанда қатты жаңбыр күтіледі. 8-10 қазанда күтіледі: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: түнде және таңертең тұман. Қырғыз Алатауы: жауын-шашын, 9-ы түнде, 10-қазан тәулік бойы қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, 8-қазанда кей уақытта 23-28 м/с. Тарбағатай: оңтүстік-батыс желі оңтүстік-шығыс желіне ауысады, 9-ы күндіз, 10-қазан тәулік бойы екпіні 15-20 м/с. 10 қазанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

10 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. 10 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 10 қазанда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с күтіледі. 10 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарында бұршақ болады. 10-12 қазанда облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі. 10-12 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с, күндіз 10, түнде 11 қазанда екпіні 25 м/с күтіледі. 10-12 қазанда күтіледі: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы: күндіз 10, түнде 11 қазанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақытта қатты. Оңтүстік-шығыс желі, 10 қазанда екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: 10-11 қазан жауын-шашын, 10 қазанда кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с. Талас Алатауы: 10 қазан жауын-шашын, кей уақытта қатты (жаңбыр, қар). Кей уақытта тұман.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады