«Birgemiz» қоры халыққа көмек беруін жалғастырады
«Nur Otan» партиясының белсенділері мен «Жас Отанның» волонтерлері қазірге дейін 50 мыңнан аса отбасына ең қажетті деген тауарларды жеткізіп берді, деп хабарлайды «Хабар 24» Бұл іске ұзын-ырғасы 3 мыңнан аса волонтер қатысты.
Алматы, NEGE. Игі іс әлі жалғасады. Мұны «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдауы кезінде Елбасы айтты. Елбасы елмен бірге. Өзі құрған тәуелсіз мемлекеттің халқын қашан да қолдап келеді. Қазір де солай. Қиын кезде жұрттың жанынан табыла білуді Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтарға да айтты. Рас. Індет әлемді әбіржітті. Қиын шақта ел Президенті халықты қолдау бойынша тиісті шешімдер қабылдағаны белгілі.
Әсіресе көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қарттарға қамқорлық жасалып жатыр. Біраз қаражат, 20 миллиард теңге. Иә, «Біргеміз» қорына санаулы уақытта 20 миллиард теңгеге жуық қаражат жиналды. Халықтың әлеуметтік жағдайын әлсіретпеу үшін кезінде қор құрайық деген Елбасы бастамасын қолдап, қаражатын аударғандарға Нұрсұлтан Назарбаев алғысын білдірді. Қорға түскен қаржаттың шарапатын мұқтаж отбасылар көріп жатыр. Сөзімізге дәлел, күні бүгінге дейін 152 мыңнан аса жанұяға «Біргеміз» қорынан 50 мың теңгеден берілді. Елорда мен Алматыдағы 2 мыңнан аса медицина маманына тағы 50 мың теңгеден үлестірілді. Қайырымдылық шараларына бел шеше кіріскен белсенді азаматтарға һәм волонтерлерге де еліміздің Тұңғыш Президенті ризашылығын жеткізді.