Бірден он баланы дүниеге әкеліп, рекорд орнатты

Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясының тұрғыны 37 жастағы Госиаме Тамара Ситол бірден 10 баланы дүниеге әкеліп, әлемдік рекорд жаңартты, – деп хабарлайды IOL басылымы.

Алматы, NEGE. Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерлер УДЗ-де алты баланы көрген. Біраз уақыттан кейін келесі ультрадыбыстық зерттеуден соң олар құрсақта сегіз нәресте бар екенін хабарлайды. Алайда 7 ай 7 күнде Тамара Ситол он баланы дүниеге әкелді – жеті ұл және үш қыз. Мұндайға акушерлер де, ата-ананың өзі де таңғалған. 

Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер алдағы айларды инкубаторда өткізеді. Ерлі-зайыптының алты жасар егізі бар екені де хабарланды. Бір уақытта дүниеге келген балалар саны бойынша алдыңғы рекорд Мали тұрғынына тиесілі еді. Ол бірден 9 бала босанған. 

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде