Бір жылға жалақысыз демалыс алуға бола ма?

«Электрондық үкімет» сайтында қызметкерге бір жылға жалақысы сақталмайтын демалыс беруге бола ма деген мазмұнда сұрақ қойылып, сұраққа жауап берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, NEGE.  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Бұл ретте жалақысы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша белгіленеді.

Демек жалақысы сақталмайтын демалыстың ұзақтығына заңнамалық шектеулер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Астаналық жігіт елді әскерде жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып алдаған

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін