Бір жылда екі рет ораза ұстайтын кез жақындап келеді

Биыл қасиетті Рамазан айының қарсаңында қызықты дерекке тап болдық. 2030 жылы исі мұсылман екі мәрте ауыз бекітіп, ораза ұстайды.

Алматы, NEGE. Бұл жайында islam.kz порталы Birmingham Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 2030 жылы қасиетті Рамазан айы қаңтарда басталады, ал сол жылдың желтоқсан айында тағы ауыз бекітеді. Бұлай болатын себебі, мұсылманша ай күнтізбесі 354 күннен тұрады. Осыған байланысты жыл сайын грегориан күнтізбесі бойынша мұсылманша күнтізбе күндері орташа есеппен 11 күн кейінге шегеріледі. Мәселен, 2022 жылы қасиетті Рамазан айы шамамен сәуірдің 2-сі күні басталады, ал 2030 жылы қаңтарға тап келеді екен.

Қазір оқып жатыр

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған