Бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус анықталды

Маңғыстау облысында әлі бір жасқа толмаған сәбиден коронавирус анықталды. Бұл туралы ақпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияның телеграм каналында жарияланды.

Алматы, NEGE. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы Ақтау қаласында 1989 жылы туған әйел адам, 2 ер адамнан: 1978, 1975 жылы туған және 2 кішкентай балада: 2020, 2010 жылы туған, Бейнеу ауданында 3 әйел адамнан: 1939, 1967, 1966 жылы туған және 3 ер адамнан: 1978, 1965, 1990 жылы туған, Мұнайлы ауданында 1 әйел адамнан: 1976жылы туған, 3 ер адамнан: 1986, 1975, 1972 жылы туған, және 1 кішкентай балада: 2011 жылы туған, Түпқараған ауданында 2 ер адамда: 1958 және 1989 жылы туған, науқастарда нақтыланды.

Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды