Бір жарым жасар сәби із-түзсіз жоғалып кетті

20 мамыр күні үйінен шығып, із-түзсіз кеткен 1,5 жасар Әлиді Атырауда полиция іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Бала үйден түскі 1 жарымдар шамасында шығып кеткен. “Жұлдыз” мөлтек ауданындағы №57 үйден сыртқа шыққан бала қайтып оралмапты. Оң аяғын сілтіп басады екен. Сәбиді іздеу жұмыстары кешеден бері жалғасып жатыр. Бүгін таңғы сағат 06.30-дан бастап көмекке келген қала азаматтары мен жақын маңдағы аудандардың 400-ге жуық тұрғыны, еріктілер мен ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам, Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері қызметтік иттерді пайдаланып, 50-ден астам көше мен жақын маңды түгелдей шарлап шықты.

Мамандар кешеден бері үш дронды да іске қосты.

 

Қазір оқып жатыр

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті психиатриялық ауруханаға жатқызылды