Бір тонна кокаин тәркіленді

Нидерландтық кеденшілер Роттердам портында импортталған ананас салынған контейнерден бір тонна кокаин тапты.

Алматы, NEGE. «Есірткі ананас контейнерінде жасырылған, олардың құны – 75 миллион еуро», – делінген хабарламада.

Контейнер өткен сенбіде бельгиялық Антверпеннен келген. Тәртіп сақшылары есірткі контрабандасына қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.