Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған
Б
ір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған.
Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр, оның ішінде 53 бала бар. Стационарларда – 5 715 пациент, амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан 6 229 пациент бар. 333 адам ауыр жағдайда, 75 адам аса ауыр жағдайда жатса, 57 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.