Бір тәулікте 9 мың адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 9016 адамда коронавирус індеті тіркелді.
Алматы, NEGE. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 1648, Алматы қаласы - 1501, Шымкент қаласы - 85, Ақмола облысы - 998, Ақтөбе облысы - 409, Алматы облысы - 396, Атырау облысы - 567, Шығыс Қазақстан облысы - 229, Жамбыл облысы - 113, Батыс Қазақстан облысы - 162, Қарағанды облысы - 1245, Қостанай облысы - 323, Қызылорда облысы - 74, Маңғыстау облысы - 177, Павлодар облысы - 703, Солтүстік Қазақстан облысы - 263, Түркістан облысы - 123. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 166 697 адамнан анықталды.