Бір тәулікте 9 475 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 9 475 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 1 441, Алматы қаласында - 1 979, Шымкент қаласында – 126, Ақмола облысында – 802, Ақтөбе облысында - 268, Алматы облысында - 332, Атырау облысында - 196, Шығыс Қазақстан облысында - 198, Жамбыл облысында - 202, Батыс Қазақстан облысында - 503, Қарағанды облысында - 1 298, Қостанай облысында -611, Қызылорда облысында -70, Маңғыстау облысында - 101, Павлодар облысында - 900, Солтүстік Қазақстан облысында - 387, Түркістан облысында - 61.