Бір тәулікте 740 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды.
Алматы, NEGE. Өткен тәулікте елімізде 740 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ВАК. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 126, Алматы қаласында – 61, Шымкент қаласында – 8, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 24, Алматы облысында – 11, Жетісу облысында – 6, Атырау облысында – 16, Шығыс Қазақстан облысында – 10, Абай облысында – 9, Жамбыл облысында – 10, Батыс Қазақстан облысында – 60, Қарағанды облысында – 109, Ұлытау облысында – 24, Қостанай облысында – 59, Қызылорда облысында – 12, Маңғыстау облысында – 17, Павлодар облысында – 51, Солтүстік Қазақстан облысында – 53, Түркістан облысында – 6. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 383 549 жетті.