Бір тәулікте 64 адам өлді

«Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 414-ке, ал дертті жұқтырғандардың саны 13 522 адамға жетті» деп хабарлады РИА Новости.

Алматы, NEGE. Тек өткен тәулікте ғана коронавирустан 64 адам өлген, жаңадан дерт жұқтырған 2 345 оқиға анықталған. Бұлардың жартысынан астамы – 1 242 адам дерт ошағы саналатын Ухань қаласында тіркелген.

Қытай билігі коронавирус дертінен емделіп жатқандар туралы да мәліметт таратты. 4 ақпандағы жағдай бойынша, Хубэй провинциясында 396 адам осы дерттен жазылып шыққан.  

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды