Бір тәулікте 440 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 440 жағдайы тіркелді.
Алматы, NEGE. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 72, Алматы қаласында - 27, Шымкент қаласында – 0, Ақмола облысында – 48, Ақтөбе облысында - 1, Алматы облысында - 3, Атырау облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Жамбыл облысында - 5, Батыс Қазақстан облысында - 7, Қарағанды облысында - 87, Қостанай облысында - 44, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 56, Солтүстік Қазақстан облысында - 70, Түркістан облысында - 0. Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 982 915 жағдайы анықталды.