Бір тәулікте 11 340 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 11 340 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Алматы, NEGE. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 2 512, Алматы қаласында - 1 953, Шымкент қаласында – 180, Ақмола облысында – 1 015, Ақтөбе облысында - 317, Алматы облысында - 354, Атырау облысында - 486, Шығыс Қазақстан облысында - 290, Жамбыл облысында - 202, Батыс Қазақстан облысында - 372, Қарағанды облысында - 1 866, Қостанай облысында -265, Қызылорда облысында -124, Маңғыстау облысында - 134, Павлодар облысында - 980, Солтүстік Қазақстан облысында - 178, Түркістан облысында - 112. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 157 681 жетті.