Бір күнде қанша қазақстандық банкроттық туралы өтініш тапсырды?

Қазақстанда бір күнде мың жарымға жуық адам банкроттық туралы өтініш берген. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE."3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталды. Сол күні сағат 16:00-ге дейін банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш (eGov арқылы 1399, e-Salyq Azamat арқылы 70) түскен. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те түсті", - делінген хабарламада.