Бір күнде 21 мас жүргізуші ұсталды

Елордада бір күннің ішінде 21 мас жүргізуші анықталды.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-алдын алу шарасын өткізу барысында елордада бір күннің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 260 фактісі анықталды. Оның ішінде 21 жүргізуші рульге мас күйде отырғаны үшін ұсталды. Олардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сот шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Мұнан бөлек, рейд барысында 50-ден астам жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталса, жүргізушілер тарапынан қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 30-ға жуық факті тіркелді. Айта кетейік, жұмадан бастап жексенбіге дейін елорда аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты