Бір күнде 1630 адамнан COVID-19 табылды
23 маусымда Қазақстанда 1630 адамнан коронавирус табылды: 534-інде - COVID-19 симптомы бар, 1096 адамда ауру белгісі жоқ. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Бір күнде 7 адам қайтыс болды.
Алматы, NEGE. 3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеліп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп атады. Соңғысы вирус жұқтырғандардың негізгі статистикаға кірмей отыр. Ал коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары биліктің ресми дерегіне сүйеніп, COVID-19 жұқтырғандардың санын көрсетерде ауру белгісі жоқ жағдайлар ескерілмегенін айтып отыр.
Пандемия басталғалы Қазақстанда 30 486 адамнан короанавирус анықталды. Оның, билік айтқандай, 18 765-і ауру симптомы бар науқас, 11 721-і ауру симптомы жоқ "тасымалдаушылар". Барлығы 11 514 адам жазылып шығып, 134 адам қайтыс болды.