Бір күн ішінде 723 адам пневмониямен ауруханаға түсіп, 6 адам өлді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 723 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 2139 адам емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Алматы, NEGE. 1 тамыздан бергі статистика: науқастар саны - 21 264 , қайтыс болғандар - 243. Ал жазылып шыққандардың саны 2139 адамға жетті.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 670 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 62 бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделу үстінде. Жалпы науқастардың арасында 355 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады