1 августа 2023 г. 13:21

Бір бала қайтыс болды: «Қарағанды облысында балалар астан уланбаған»

Фото:

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның айтуынша, балаларға белгісіз заттан улану диагнозы қойылып отыр.

Алматы, NEGE. «Кеше бізге Қарағандыда балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Бұл 12 балаға қазір белгісіз заттан улану диагнозы қойылып отыр, яғни уланудың нақты себебі белгісіз. Оны анықтауға уақыт керек», - деді А. Есмағамбетова.

Ол оқиға орнына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған бірқатар мамандар аттанғанын жеткізді.

 12 баланың арасында біреуі көз жұмды. Алты бала жансақтау бөлімінде, бес баланың жағдайы орташа ауыр.

Тегтер: