Бір аптада коронавирустан 65 адам көз жұмды

Қазақстанда 24-30 тамыз аралығында коронавирусты инфекциядан 65 адам өлімі тіркел

ген. Бұл туралы COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурс хабарлады.

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтанда – үш, Алматыда – 13, Шымкентте – 1, Ақмола облысында – төрт, Алматы облысында – алты, Атырау облысында – 10, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Жамбыл облысында – бір, Батыс Қазақстан облысында – үш, Қарағанды облысында – бес, Қызылорда облысында – екі, Павлодар облысында – бес. Жалпы Қазақстан Республикасы бойынша 1588 адам өлімі тіркеліп отыр», - делінген сейсенбідегі хабарда.