Бір аптада елімізде 2 877 қылмыс жасалған – ІІМ

Алматы, NEGE.

Бір апта ішінде ел аумағында 2 877 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ресми өкілдің дерегінше, өткен апта ішінде республика аумағында 2 877 қылмыс жасалған.

Оның 1847-сін құқық қорғау органдарының қызметкері бір тәуліктің ішінде әшкерелеген.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 35 тонау және 412 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады