Бір аптада байлығы 13 млрд долларға артқан екі миллиардер кім?

Tesla және Spase X компаниясының негізін қалаушы Илон Маск және Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының басшысы Бернар Арно бір апта ішінде 13 миллиард долларға байыды, деп жазды Forbes.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Арноның дәулеті бір аптада 13 миллиард долларға өсті, ал Масктың байлығы 12,8 миллиард долларға артты. Арно қазіргі уақытта 181,6 млрд доллардың иесі, Масктың байлығы 179,7 млрд долларды құрайды. Әлемдегі ең бай адам әлі де – Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос. Оның байлығы бір апта ішінде 1,4 млрд-қа көбейіп, қазір 197,8 млрд долларды құрайды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр