Бір адамға қант 5 келіден артық сатылмайды
«Бір адамға 5 келіден артық қант сатылмайды».
Алматы, NEGE. Magnum сауда желісі қант саудасына уақытша шектеу енгізді. "Қант биржалық тауар болғандықтан, оның құны валюта бағамына тікелей байланысты. Қазір қант өндірушілер биржалық сауда-саттықты күтіп, тауар жіберуді тоқтатты. Кейбір бөлшек сауда орындарында қант тапшылығы байқалады. Салдарынан ірі сауда желілерінде бұл тауарға сұраныс артты. "Бір адамға 5 келі қант" деген шектеу осымен байланысты" делінген хабарламада. Компания аталмыш тауар жеткізілімі жақын арада қайта басталады деп болжады.