Бір адам қаза тапты: Алматыда екі автобус соқтығысты (видео)

Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлады Полицияның телеграм каналы.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаменті 98 және 201-ші бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алғанын хабарлайды.

Әлеуметтік желіде екі автобустың қалай соқтығысқаны түскен видео таралды. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді