Былтыр мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлығы 447 800 теңге болған

Ресми статистика бойынша, былтыр Қазақстанда орташа жалақының мөлшері 250,3 мың теңге болған.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл межеден тек Атырау (406,2 мың тг), Маңғыстау (349,5 мың тг) облыстары мен Нұр-Сұлтан (344,7 мың тг), Алматы (296 мың тг) қалаларының статистикасы ғана жоғары.

Атырау облысы - 406,2 мың тг

Маңғыстау облысы - 349,5 мың тг

Нұр-Сұлтан - 344,7 мың тг Алматы - 296 мың тг

Қазақстан - 250,3 мың тг

Қарағанды облысы - 240,6 мың тг

Батыс Қазақстан облысы - 226,5 мың тг

Шығыс Қазақстан облысы - 224,7 мың тг

Павлодар облысы - 220,3 мың тг

Ақтөбе облысы - 217,6 мың тг

Қызылорда облысы - 212,8 мың тг

Алматы облысы - 207,6 мың тг

Ақмола облысы - 203 мың тг

Қостанай облысы - 201,9 мың тг

Жамбыл облысы - 195,9 мың тг

Түркістан облысы - 195,3 мың тг

Шымкент - 193,7 мың тг

Солтүстік Қазақстан облысы - 187,5 мың тг.

Статистер жалақы мөлшерінің қызмет түрлері бөлініснідегі статистикасын да ұсынып отыр.

Ол мәлімет бойынша, ең жоғары айлық басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге тиесілі болған – 447,8 мың теңге.

Одан кейінгі орындар мынадай ретпен түзілген:

- Кәсіби мамандар –291,9 мың тг;

- Техник-мамандар және өзге де көмекші кәсіби қызметкерлер – 217,9 мың тг; - Әкімшілендіру саласындағы қызметкерлер – 195,5 мың тг;

- Қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері – 158,4 мың тг;

- Фермерлер мен ауыл және орман шаруашылығы, балық өсіру және балық шаруашылығы жұмысшылары – 145,5 мың тг;

- Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және өзге де соған ұқсас қызметтегі жұмысшылар –252,6 мың тг;

- Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар және жүргізушілер –263,1 мың тг;

- Біліктілігі жоқ жұмысшылар – 107,8 мың тг; Өзге топтарға кірмейтін жұмыскерлер – 183,7 мың тг.