Былтыр қанша көлік сатылды?

2019 жылы ресми дилерлер 71 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлайды.

Алматы, NEGE. «2019 жылдың қорытындысы бойынша ресми дилерлер 71 417 көлікті сатты, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23,3 пайызға жоғары. Есепті кезеңде қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 654,3 млрд теңге жұмсап, 2018 жылғы деңгейден 31,8 пайызға артық болды», – делінген хабарламада.

Көлік сатып алушы 42 205 адам (59,1 пайызы) отандық зауыттар өнімін таңдаған. Тағы бір айта кетерлігі, 29 212 автомобиль (40,9 пайызы) импортқа тиесілі. Сұранысы жоғары брендтер арасында Lada көш бастап тұр. Республика аумағында ресейлік марканың 15 366 көлігі өткізілген. Ал сатылған Hyundai модельдерінің саны 14 853-ті құрады. Үшінші орынға саудаланған 14 197 көлігімен Toyota шығып отыр. Сондай-ақ бұл бестікке KIA (3 758 автокөлік) және Ravon (3 651) брендтері енді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті