Билли Айлиш «Грэмми» сыйлығын иеленді

18 жастағы Билли Айлиш «Грэмми-2020» музыка сыйлығының жеңімпазы атанды.

Алматы, NEGE. Айлиш тарихтағы ең жас «Грэмми» иегері атанды. Бұған дейін жас лауреат атанған Тейлор Свифт еді. Салтанатты шарада американдық поп-жұлдыз бірден 5 номинация бойынша марапатталды. Оның «Bad guy» әні «Үздік ән» номинациясын иеленді. Бұдан бөлек, Билли Айлиш «Үздік жаңа орындаушы» категориясында жеңіске жетіп, оның алғашқы «When We All Fall Asleep, Where Do We Go?» әнжинағы үздік альбом атанды.

Сондай-ақ, Айлиш «Үздік вокалдық поп-альбом» номинациясын да жеңіп алды. Осылайша жас өнерпаз Бейонсе, Ариана Гранде, Эд Ширан, Тейлор Свифтті жүлдесіз қалдырды.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»