Билл Гейтс жаңа пандемияны болжады

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс COVID-19 ауыр ағымының қаупі айтарлықтай төмендегенін, бірақ тағы бір пандемия келе жатқанын айтты.

Алматы, NEGE. Гейтс Германиядағы жыл сайын болатын Мюнхен қауіпсіздік конференциясында CNBC-ге сөйлеген сөзінде COVID-19-дың қаупі төмендегенін айтты.

"Егде жастағы, семіздікпен, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін бұл инфекцияның қаупі күрт төмендеді ", - деді ол.

Алайда оның пікірінше, әлемге тағы бір пандемия келеді.

"Әлемге тағы бір пандемия келеді. Жаңа пандемия коронавирус отбасынан басқа патогенмен байланысты болады", - деп қосты ол.

Гейтс, егер инвестиция қазір салынса, медициналық технологиядағы соңғы жетістіктер жаңа пандемиямен жақсы күресуге көмектесетінін айтты.

"Егер барлық ел Аустралия сияқты әрекет етсе бұл пандемия болмас еді", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр