Билл Гейтс індеттің қашан кететінін айтты
Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер Билл Гейтс COVID-19 індетінің қашан аяқталатынын айтты.
Алматы, NEGE. «Пандемия 2022 жылы тоқтауы мүмкін. Бірақ бұл мәселеге әлемдік деңгейде қарасақ, 2021 жыл бойы науқастар санын төмендетуге күш салуымыз керек» депті Гейтс Fox News басылымына берген сұхбатында.
Гейтстің өзі қайырымдылық көрсетіп, COVID-19-ға қарсы күреске 650 млн АҚШ долларын бөлген. Айта кету керек, Гейтс туралы түрлі қауесет бар. «Адамдарға коронавирустан қорғайтын екпе ретінде микрочип салады» деген әңгімені Гейтс те, ғалымдар да жоққа шығарып отыр.