Білім министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында мәлімдеме жасады

Білім және ғылым министрінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ата-аналарынан баласының мектепте оқуына қарсылығы жоқ екені туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан өтініш үлгісіне байланысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. "Құрметті ата-аналар! Офлайн оқу форматы сапалы білімді қамтамасыз ету үшін қажет. Бірақ мектептерде осындай өтініштер талап етілмеуі тиіс. Талап етсе, маған жазыңыз, әр өтінішті жеке қарастырамыз!", - делінген баспасөз хатшының хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желіде мектеп басшысының атына ата-анадан жазылған өтініш үлгісі тараған. Ол жерде ата-ана баласының мектепте дәстүрлі форматта оқитынына қарсы еместігі, баласының қауіпсіздігі мен денсаулығына өзі жауапты екені жазылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді