Білім гранттарына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Білім және ғылым министрлігі білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге дейін ұзартылғанын жариялады.

Алматы, NEGE. Бұл шешімді Білім министрлігі талапкерлердің өтініштері бойынша қабылдап отыр. «Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады: eGov арқылы (бейне-нұсқаулықтар парақшамызда көрсетілген) және ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (талапкерлердің бейне өтініші бойынша ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссияларының қызметкерлері оқуға түсушімен бірге өтінішті толтырады, барлық сұрақтарға жауап береді және қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі)», - деп хабарлайды министрліктен. Конкурстың нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды