Білім бөлімінің басшысы сотталды

БҚО Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы жемқорлық қылмысы үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі хабарлайды.

Алматы, NEGE. «Шыңғырлау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Б.Сапаров орындалған жұмыстың актісіне қол қою үшін Шыңғырлау ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына 1 млн 690 мың теңге көлемінде пара беруге жеке кәсіпкерді итермелегені және алаяқтығы үшін күдікті болып танылған», – делінген хабарламада.

21 қаңтарында Шыңғырлау аудандық сотының үкімімен А.Б.Сапаров алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды