Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосу ісі қыркүйекке шегерілді

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дейін Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосуға уәде берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Жаңа оқу жылының басында ол аяқталады, сол кезде білім беру ұйымдары оны қолдана алады, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында толыққанды білім беру үдерісіне қажетті барлық функциялардан тұратын онлайн-платформа әзірлеуді тапсырған болатын.

2021 жылы наурызда премьер-министр Асқар Мамин сенатор Ольга Перепечинаның парламенттік сауалына жауап бере отырып, платформа сәуір айында іске қосылатынын мәлімдеді, бірақ оқу жылы аяқталғанда да платформа іске қосылмады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті