Білім басқармасының басшысы парамен ұсталды

Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тобы арнайы операция барысында Алматы облысы білім басқармасының басшысын және бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады деген ақпарат тарады. Бұл жайлы алғашқылардың бірі болып Egemen.kz жазды.

Алдын ала белгілі болғандай, іс бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова, осы басқарманың мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Бақыт Қабдолданова және аймақтық білім саласындағы жаңа технологиялар ғылыми-практикалық орталығының директоры Арапби Меңлібаев қамауға алынған.

Күдіктілерге аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Мәлім болған дерек бойынша, сыбайласқан топ облыстық бюджет қаржысына компьютерлік техника сатып алу кезінде жеке кәсіпкерден 37 650 000 теңге сыйақы талап етіп, оның бір бөлігін қолма-қол ақша түрінде алып жатқан кезінде ұсталған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр